Сырдарияда 32 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды

2 543

фото: inbusiness.kzСырдария ауданы бойынша жер қоры 4 млн 261 мың гектарды құрайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz  сайтына сілтеме жасап.




Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 386513 гектар, жер пайдаланушылар саны – 1099. Оның ішінде шаруа қожалықтар – 994, мемлекеттік емес заңды тұлғалар – 73, өндірістік кооператив – 2, мемлекеттік заңды тұлғалар - 30. Елді мекендердің жер көлемі – 5191 гектар, жер пайдаланушылар саны – 48 723. Өнеркәсіп, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жердің көлемі – 151 272 гектар, жер пайдаланушылар саны – 134  құрайды. Орман қорының жері – 481711 гектарды, босалқы жерлер – 3 млн 217 мың гектарды құрайды.


Қазақстан Республикасының жер заңнамасының принциптері мен міндеттеріне келесі мәселелер белгіленген. Атап айтқанда табиғи ресурсты тиімді пайдалану, жерді халықтың өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау, жерді қорғау және ұтымды пайдалану, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің басымдығы, жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жәй-күй жайында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қанат Нұрсейітов баяндады.


Аудандағы 280333 гектарды құрайтын 889 субъектіге табысталған 1099 жер учаскесіне 2022 жылы түгендеу жүргізілді. Нәтижесімен 123 484 гектарды құрайтын 725 жер учаскесі бойынша барлығы 47545 (МІҚ – 17015, жылқы – 8874, түйе – 1225, уақ мал – 20431) ИСЖ базасына тіркелген. Қалған көлемі 106418 гектар болатын 342 шаруашылық субъектілерінің ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің пайдаланбай отырғандығы анықталды. Оның негізгі себептері қаржылық қиындықтар, жер пайдалануға құлықсыздық танытуы және т.б.


"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетімен облыстар бойынша мемлекетке қайтарылатын жер көлемдері бекітіліп, Қызылорда облысына 2023 жылы 

200 мың гектар қайтару көзделген. Соның ішінде, Сырдария ауданы бойынша жалпы көлемі – 38 000 гектар болатын пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып, облыс әкімінің бірінші орынбасары С. Қожаниязовпен аудандар бөлінісінде бекітілген. Бектілген жоспарға сәйкес, 2023 жылы жалпы көлемі – 53261,3 гектар болатын 32 жер учаскесі азаматтардың өз өтінішіне және пайдалану мерзімі аяқталуына орай ауданның босалқы жер қорына қайтарылды", – деді бөлім басшысы.


2022-2023 жылдары жер пайдаланушылардың өз өтініші және пайдалану мерзімі аяқталуына орай 57 жер пайдаланушыдан көлемі 69892,4 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.


Сонымен қатар пайдаланылмай отырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі – 1639 гектарды құрайтын 30 жер учаскесі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне тиісті нұсқама және  мемлекет меншігіне қайтару мақсатында жолданып, Департамент тарапынан жер пайдаланушыларға 1 (бір) жыл мерзімге нұсқау жолданған.


Бөлім басшысының айтуынша Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-1-бабаның талаптарына сәйкес 2022 жылы қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ішінен жалпы көлемі 6789 гектарды құрайтын 12 жер учаскесін 2023 жылы айналымға алу  жоспарланса, қазіргі таңда 3589 гектарды құрайтын 16жер учаскесі конкурс негізінде жеке және заңды тұлғаларға табысталған.


Бұған қоса, жыл басынан ауданның босалқы жер қорынан шалғайдағы мал шаруашылығы (маусымдық жайылымдар) үшін жалпы көлемі – 5326,4 гектар болатын 14 жер учаскесі 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен табысталып, ауыл шаруашылығы айналымына алынған.


Бұдан бөлек, 2022 жылы Сырдария ауданы бойынша "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы тарапынан жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау нәтижесімен көлемі – 56418 гектар болатын барлығы 202 пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталды. Тиісті пайдаланылмай жатқандығы анықталған жер учаскелері «JerInSpectr»  платформасымен жолданды.


Инцидент карточкаларының ішінде нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланып, төрт-түлік малын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына тіркеткен және меншік иелері ауысқан көлемі – 31806 гектар болатын 74 жер пайдаланушылар бойынша мәліметтерді "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына қайтарды. Ал, мақсатына сәйкес пайдаланылмай жатқан көлемі – 24 612 гектар болатын 128 жер учаскелері тиісті шаралар қабылдау үшін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданған. Нәтижесінде, Департамент тарапынан 128 жер пайдаланушыға СМС хабарламалар жіберіліп, заң бұзушылықтарды жоюды ескерту ретінде 1 жылға нұсқау хаттары жолданды.


Нұсқау хаттарын алған жер пайдаланушылар мал басы санын ИСЖ базасына тіркетуде. Одан бөлек, жер учаскелерін шаруа қожалық атына ауыстыру жұмыстарын жүргізіп, жер учаскелерін мақсатты игеруге кірісуде.


2023 жылы «JerInSpectr»  платформасы арқылы жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау нәтижесімен 38236,3 гектар болатын 169 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің игерілмегендігі жолданған.


Бөлім мамандарының жүргізген жұмыстары нәтижесінде 11074 гектарды құрайтын 23 жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылары ИСЖ базасында мал басын тіркесе, 2491 гектар құрайтын 1 жер учаскесі мемлекеттік мекеменің теңгерімінде тұрғандығы анықталған. Қалған жер пайдаланушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу жалғасуда.


Жайылымдық жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында аудандағы әрбір елді мекеннің 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдық басқару жобасы бекітілген (аудандық мәслихаттың 2022 жылғы  25 шілдедегі №154 шешімімен).


Қазіргі таңда «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтерінің 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленуде.


Қорыта келгенде, Сырдария ауданы бойынша игерілмеген және мақсаты бойынша пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау және мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізу алдағы уақытта да атқарылатын болады.