Қазақстан экономикасы 6,5 пайызға өсті
Қазақстан экономикасы қорытындылай келсек 6,5 % өскен.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеген. Министрдің айтуынша, елдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) ақшалай мәнде шамамен 15 млрд долларға артқан. «Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы ЖІӨ өсімі 5% болған. Ал инфляция деңгейі 13% көлемінде қалыптасты», - еді Мәди Тәкиев. Оның сөзінше, 2025 жылы Қазақстандағы орташа айлық жалақы 442 мың теңгені құраған. Ал жыл бойы жұмыссыздық деңгейі 4,6% шамасында сақталған. Сонымен қатар министр еңбекақы төлемдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 30% асқанын атап өтті.
Қазақстан бұл көрсеткішті әлемдік орташа деңгейге, яғни 40 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. Экономикадағы өсім көрсеткіштері елдегі өндіріс, қызмет көрсету және басқа да негізгі салалардың белсенділігін көрсетеді. Алайда сарапшылар үшін инфляция деңгейі мен халық табысының нақты өсімі де маңызды фактор болып қала береді.







