Ұлттық банк Александр Македонский бейнеленген естелік монеталарды шығарады
2 366
Ұлттық банк "Ұлы қолбасшылар" сериясынан ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Монетаны 29 шілдеден бастап ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.
"Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы 2000 дана", – деп жазылған хабарламада.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.







