Екі ірі микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
2 527
Алматыда Sofi FINANCE және Creditum микроқаржы ұйымдары қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімі бойынша микроқаржы қызметін жүзеге асыруға рұқсат беретін лицензиясынан айырылды. Қазақстандағы ең ірі МҚҰ қатарына кіретін компаниялар енді халыққа микроқарыз бере алмайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы бастығының 2024 жылғы 16.04 №46 және №47 бұйрықтарына сәйкес «Sofi Finance микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Creditum микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі –МҚҰ) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияларынан айырылды», – деп жазылған хабарламада.
Бұл микроқаржы ұйымдары «Микроқаржылық қызмет туралы» заң мен Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері талаптарын бірнеше рет бұзған.