Батыс елдері Қазақстан мұнайынан бас тартуы мүмкін бе?

306

Ұлттық валютамыз әлі де құлдырауда. Мұнай бағасы өскенімен, бұл теңге бағамына еш әсер етпей отыр, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қаржы нарығында теңге бағамы әлі тұрақталмаған. Күндіз теңгеге шаққанда 1 доллар 490 теңге деп көрсетілгенімен, ақша айырбастау пункттерінде долларды 498 теңгеге сатқан. Қазір Ресейге тек мемлекеттер ғана емес, ірі компаниялар да санкция енгізуде. Мысалы, Apple өз өнімдерін Ресейде сатуды тоқтатты. 

"Бұл нарыққа еш әсер етпейді. Алдымен, даурығуға жол бермеу керек. Көпшілігі санкция енгізілсе, барлығы тоқтайды деп ойлайды. Біріншіден, көп санкциялар күшіне енбеді. Екіншіден, олардың қанша уақытқа дейін сақталатынын ешкім білмейді. Менің ойымша, Қазақстанда барынша сабыр сақтау керек", - деді экономист Айдархан Құсайынов. 

Ал мұнай экспортының құлдырауын сарапшы жоққа шығарды. Айтуынша, жанармайға қатысты санкция Ресейде де енгізілмеген. Сонымен қатар мұнай және газ бойынша операцияларға санкция әсер ете алмайды. 


"Сұрақ батыстың неден қорқатынында. Олар Ресейдің қарсы санкцияларынан, оның ішінде газды жібермей қоюынан қорқып отыр. Сондықтан батыс елдері Қазақстан мұнайынан бас тартады деген ой менде туындамады. Тіпті ресейлік мұнайдан бас тартқан күннің өзінде", - деп қосты Айдархан Құсайынов. 

Құсайыновтың сөзінше, әзірге Ресей өнімдерінен тек Канада бас тартқан. Себебі өзі де ірі мұнай экспорттаушы мемлекет. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.