Кәсіпкерлер серіктестерінің құжатын онлайн тексере алады

1 518

Фото: today.uaМемлекеттік кірістер комитеті бизнес өкілдеріне арналған жаңа «Контрагенттер туралы мәліметтер» онлайн сервисін іске қосты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа қызмет кәсіпкерлерге өз серіктестерін ресми деректер негізінде тексеруге мүмкіндік береді. Сервисте салықтық режимі, ҚҚС бойынша тіркеуі, төленген салық көлемі, қызметкерлер саны, салықтық жүктеме коэффициенті, компанияның басшысы мен құрылтайшылары туралы ақпарат, сондай-ақ ЭШФ бойынша шектеулер немесе сенімсіз ұйымдар тізіміне енгізілген-енгізілмегені көрсетіледі. Кәсіпкерді тексеру үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің порталына кіріп, контрагенттің БСН/ЖСН нөмірін енгізеді. Комитет өкілдерінің айтуынша, сервис бизнес қажеттіліктеріне қарай үнемі жетілдіріліп отырады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.