Қазақстан соғысқа байланысты тауардың 106 түрін Ресейге экспорттаудан бас тартты

2 903

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Ресейге тауардың барлық түрі экспортталып жатқанын, алайда соғыс пайдасына жарауы мүмкін тауар түрлері экспортталмайтынын мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Біз Ресейге тауардың барлық түрін экспортқа шығарып жатырмыз.  Әйтсе де соғысқа қатысты тауарларды шектедік. Оған тауардың 106 түрі кіреді. Біз оларды шығармаймыз", – дейді Төребаев Сенат кулурарында.


Төребаевтің сөзінше, мұндай тауарлардың түріне дрондар, арнайы электроника, чиптер және тағы басқа тауарлар кіреді.


Еске сала кетейік, бұған дейін 2023 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында Ресей көрші елдерден импортты кем дегенде 5,2 млрд долларға немесе 37%-ға арттырғаны хабарланған еді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.