АвтоВаз, Рено Ресей, КАМАЗ өндірушілері екі ел арасындағы өндірісті дамытады
449
Сапар барысында өңірді мыңдаған жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін, автомобиль жасау саласындағы, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің, сонымен бірге компоненттік базаның жаңа алдыңғы қатарлы жобалары табысты жұмыс істейтін және іске қосылуға дайындалып жатқан, аймақтың өнеркәсіптік мүмкіндіктері көрсетілді.Сонымен, бүгін "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" зауытында АВТОВАЗ президенті Николя Мордың қатысуымен LADA автомобильдерін бірлесіп шығару бастау алды. Демек, зауыттың өндірістік алаңында LADA автокөліктерінің барлық модельдері: Niva Travel, Niva 4х4, Vesta, X-RAY, Largus и Granta шығарылатын болады. LADA Granta автомобильдерінің өндірісі автокөліктерді бояу операцияларын қолданумен қатар шағын торапты әдісін (CKD) қамтиды. Сонымен бірге, қазіргі уақытта отандық зауытта LADA автомобилін оқшаулауды одан әрі арттыру мақсатында осы модельдің шанақтарын дәнекерлеу бойынша жоғары технологиялық өндірістік операцияларды дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өндіріс үшін қажетті оқытудан өткен жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылды. кіметтік делегация "Рено Ресей" бас директоры Ян Птачектің қатысуымен, жақында Arcana және Captur модельдерін шығару жөнге келтірілген "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" зауытындағы Renault өндірістік желісінің жұмысын қарап шықты. Жаңа жобаға салынған инвестиция шамамен 82 млрд теңгені құрайды. Қазақстан зауытында және онымен шектес салаларда 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Жоба "Өнеркәсіптік Даму Қоры" АҚ қатысуымен жүзеге асырылуда.