Қазақ-тәжік бизнесмендері 2 млрд доллардың келісімшартына қол қоймақ

1 494

Қазақстан-Тәжістан бизнес форумы қорытындысында 2 млрд доллардың келісімшарттарына қол қою жоспарлануда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.




Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.


«Бүгін осы іс-шараның алғашқы бөлігінде ғана бизнесмен арасында 1 млрд 300 млн доллардың келісімшартына қол қойылды. Дегенмен, форумның екінші бөлігі өтеді. Сонда жалпы 2 млрд доллардың келісімшарты рәсімделеді», - деді Серік Жұманғарин бизнес форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Оның пайымынша, бүгін өтіп жатқан іс-шара соңғы уақыттағы ең жемісті бизнес форум саналады.


«Бүгінге дейін біз көптеген елдің өкілдердің сауда-экономикалық миссияларымен кездестік. Олардың ішіндегі ең жемістісі осы іс-шара болып тұр», - деді вице-премьер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.