5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады - АШМ

813
Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 5 млн гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерін қайтаруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүріп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн гектар алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 1 млн 517 мың гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың гектар жерге қатысты тағы 57 материал Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр», деп жазды министрлік.

Айта кетейік, 2021 жылы 210 мың гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 177 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.