Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға бидай мен ет жеткізуді ұлғайтады
Қазақстан Ресей Федерациясының аумағы арқылы Еуропа елдеріне бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді ұлғайтуға ниетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресей премьер-министрлерінің келіссөздерінің қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді.
Сондай-ақ тараптар біздің елімізден ет және ет өнімдерін экспорттауға шектеулерді ішінара алып тастау туралы уағдаластыққа қол жеткізгенін атап өтті.
Қаз
Рус






