Қазақстанда ұн бағасы бір жыл ішінде 45 пайызға қымбаттаған

529
Өткен жылмен салыстырғанда осы жылдың қаңтар-тамыздында бидай немесе бидай-қарабидай ұнының экспорттық бағасы бірден 41,6 пайызға қымбаттап кетті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Еnergyprom.kz дерегінше, осы жылдың қаңтар-қыркүйегінде елімізде 2,3 млн тонна ұн өндірілді.

Өндірістің жартысынан көбі Қостанай (784,1 мың тонна) мен Солтүстік Қазақстан (243,7 мың тонна) облыстарына, сонымен қатар Шымкент қаласына (197,6 мың тонна) тиесілі.

Еліміздің ұн тартатын кәсіпорындары ішкі нарықты өніммен толықтай қамтамасыз етіп отыр.

Сонымен қатар қаңтар-тамыз аралығында олар ұн экспортын 28,3 пайызға арттырып, 1,1 млн тоннаға жеткізді.

Алайда, ішкі нарықта ұн сату бірден 22,2 пайызға, 838,8 мың тоннаға дейін қысқарып отыр. Ал өткен жылы 3,6 пайыз өсім байқалған еді.

2022 жылдың қазан айының қорытындысында ішкі нарықта тұтынушыларға арналған ұнның бағасы жыл басынан бері 41,3 пайызға және 2021 жылдың қазанымен салыстырғанда 44,3 пайызға қымбаттады.

2022 жылдың қазан айында жоғары сұрыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты үн 245 теңгені құрады.

Қазақстан қалалары арасында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат Астанада (1 келісі 447 теңге), Ақтауда (411) және Шымкентте (406), ал ең арзаны Ақтөбеде (279 теңге), Павлодарда (292), Жезқазғанда (296) және Семейде (296) тіркелген.

Бірінші сұрыпты бидай ұнының бір келісіне ең жоғары баға Ақтауда (335 теңге), Алматыда (306) және Астанада (298), ең төмені Петропавлда (145 теңге), Қарағандыда (184) және Павлодарда (186) белгіленді.