Сатылымда доллар жоқ. Елде биржалық валюта саудасы тоқтауы мүмкін

308

Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасымен" (KASE) бірлесіп биржалық валюта саудасын толық тоқтатуы мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қазірдің өзінде ақша айырбастау пункттерінде доллар мүлде сатылымда жоқ.

"Қазақстан қор биржасының" (KASE) Кurs.kz сайтындағы мәліметіне сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде ақша айырбастау нүктелеріндегі валюта жәшігі бос тұр.

Ұлттық банк сайтында "Қазақстан қор биржасымен" бірлескен мәлімдеме жарияланды. Онда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру мәселесі жазылған.

"Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге — АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық Банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін", — делінген ақпаратта.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.