Қысқы Олимпиадаға бөлінген қаражат: жүлде бар ма, есеп қана ма?

2 509

Фото: Baq.kzИталияда Қысқы Олимпиада ойындары басталды. Аталған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы 10 спорт түрінен 36 спортшымен медаль үшін бақ сынайды,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Олимпиадаға дайындық жұмыстарына мемлекет тарапынан 13,3 млрд теңге бөлінгенін мәлімдеген. 


Бөлінген қаржы ішінде 585 миллион теңге – федерациялардың қаражаты, 5,3 миллиард теңге – республикалық бюджет, 6,2 миллиард теңге – жергілікті бюджет, 1,2 миллиард теңге – Туризм және спортты қолдау қорынан қарастырылған.

Сонымен қатар, министрлік спортшыларды дайындау мақсатында Германия, Нидерланды, Испания, Словения, Польша, Ресей және Беларусь елдерінен 13 шетелдік жоғары деңгейлі тренер-консультант шақырған.

Енді басты сұрақ – осындай дайындықтан кейін Қазақстан Олимпиадада қандай нәтиже көрсете алады?

Экономист, сарапшы, "R-Finance" микроқаржы ұйымының қаржы кеңесшісі Арман Байғановтың айтуынша, 13,3 млрд теңге кез келген жағдайда бюджетке түсетін жүктеме болғанымен, оны шамадан тыс ауыр деп бағалауға болмайды. Ол бұл соманы кез келген жағдайда бюджетке түсетін белгілі бір жүктеме деп баға береді.

Владимир Смирновтан басқа ешкім әлі қысқы спорт түрлерінен өтетін төрт жылдық додасынан бас жүлде иеленбегенін айтып, Милан-Кортинада бір жақсы жүлде бұйырып қалар. Әйтпесе ақша бөлініп жатыр, спорт инфрақұрылымдары салынып жатыр, - дейді ол.

Қорыта айтқанда, Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін тек спорттық бәсеке ғана емес, мемлекеттік саясат пен бөлінген қаржының тиімділігін көрсететін маңызды сынақ болмақ.