Қазақстанда құрылыс қарқыны 10% өсті
Құрылысшылар қауымдастығы мұны келесі жылғы жалпыға бірдей декларациялау аясында мүлкіміз жайлы есеп берумен байланыстырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шілде-қыркүйек аралығында 120,7 мың сатып алу-сату келісімі жасалған. Виктор Микрюковтың айтуынша, азаматтар қолма-қол ақшадан активке көшіп жатыр. Белсенділікке Отбасы банкі ұсынған «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары да оң әсер етуі мүмкін. Зейнетақы жинағының бір бөлігі қолжетімсіз бола ма деген күдік те нарыққа әсер етті. «Оның үстіне Үкімет әлеуметтік аз қамтылған азаматтар үшін тұрғын үйлерді арнайы салдырудың орнына дайын баспананы алуды дағдыға айналдырған», – дейді сарапшылар. Қазір 9,5 млн қазақстандықта ғана жеке баспана бар. Ұлттық статистика осындай. Қалғаны тұрғын үйді жалдап амалдайды. Қыркүйекте оның орташа ақысы 1,5% артқан. Бағаның өскенін Өскемен мен Қарағанды, Көкшетау тұрғындары қатты сезінді. Жалдамалы пәтер ақысы: Өскемен - 5% Көкшетау - 4,8% Талдықорған - 4,2% Алматы - 1,6% Астана - 1,4% Құрылыстағы отандық материалдардың үлесі Құрылыс саласындағы кей жабдықтарды әлі де Ресейден аламыз.
Елімізде өндіріс бар, алайда шикізатты көрші елден әкелеміз. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бір жылда Ресейдегі құрылыс материалдары 10% қымбаттаған. Бұған инфляция мен маусымдық сұраныс әсер етті. Ал құрылысшылар қауымдастығы отандық құрылыс тауарларына қажеттіліктің азайғанын алға тартады.
Құрылыс қарқыны 10%-ке өсті Жыл басынан бері елдегі құрылыс 10% өскен. 9 айда 12,4 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл былтырғыдан 6%-ке көп. Тұрғын үйдің дені Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан өңірлерінде бой көтерді.