Қазақстанда пойыз билеттері бір жылда 20 пайызға қымбаттаған

464

Қазақстанда пойыз билеттері бір жылда 20 пайызға қымбаттаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Energyprom.kz мәліметінше, қала маңындағы пойыздардың тарифі бір жыл бұрынғыдан 16,7%-ға, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында – 20,6%-ға, купе вагонында 17,8%-ға қымбаттаған.

«Өңірлік тұрғыда бағаның айтарлықтай өсуі Шымкент қаласында (жылына 56,3%-ға), сондай-ақ Жетісу (45%-ға) және Алматы (32,3%-ға) облыстарында тіркелді. Бағаның ең аз өсімі Ақтөбе (плюс 4,9%), Батыс Қазақстан (плюс 6,6%), Ұлытау және Павлодар (әрбір облыста плюс 8%) облыстарында байқалды», - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында теміржол көлігімен 14,7 миллион жолаушы тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 32,6 пайызға артық көрсеткіш. Тек қыркүйекте жолаушы тасымалы 1,6 млн жолаушыны құрап, бір жыл ішінде 32,7%-ға өсті.

Жолаушылар айналымы 12,5 млрд пкм құрады, бұл бір жылмен салыстырғанда 38,7%-ға көп көрсеткіш.

«Пойыз қызметін көбінесе елорда тұрғындары пайдаланды: 3,5 мың адам, бір жылғыдан 23,1%ға көп. Одан кейін Ақтөбе және Қызылорда облыстары тұр. Ең төменгі көрсеткіштер Батыс Қазақстан облысында тіркелді», - делінген зерттеуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.