Егіс көлемі 23,1 млн гектарға жетті

544
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: қуаңшылыққа қарсы шараларға 20 млрд теңге бөлінуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Сонымен қатар көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік кредит берудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге жеткізу мәселесі пысықталуда. Бұдан басқа, 200 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталуда, ол 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда, мал мен құс басының сақталуын қамтамасыз етеді», - деді министр.

Айутынша, биылғы жалпы егіс көлемі 23,1 млн гектарға жетіп отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 125 мың гектарға көп.

«Тұтастай алғанда, көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі жоспарлы түрде жүріп жатыр және министрліктің ерекше бақылауында», - деді Ербол Қарашөкеев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.