Қазақстанда алғаш рет банан өсіріле бастады

1 333

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі. Бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.


Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ доллары. Түрік компаниясы құрылыс кезінде жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған. Бұл өсімдіктердің генетикалық әлеуетін тіпті қолайсыз ауа райында да толық ашуға мүмкіндік береді.