Жерлеу рәсіміне қанша жұмсалады?

1 526

Фото: egemen.kz2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандықтар өлім-жітім рәсіміне 4,4 млрд теңге жұмсаған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оның 4,1 млрд теңгесі – халықтың жеке қаражаты, қалғаны мемлекеттік төлемдер.

Ауылдық жерлерде де жерлеу рәсіміне аз ақша кетпейді: 296,3 млн теңгенің 254,9 млн теңгесі халықтың жеке қаражаты. Жерлеу рәсімдері қызметтерінің бағасы 12 облыста өскен, ең көп – Қарағанды облысында (20%), Батыс Қазақстанда (11,4%) және Ақтөбеде (11,1%).

Өлім-жітім рәсімінің құны өңірлерде 45-65 мың теңге, ірі қалаларда – 65-158 мың теңге, ал “премиум” санаттағы қызметтер – 400-800 мың теңгеден жоғары. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ас мәзірін стандарттаған: бір адамға тағам құны шамамен 8 500 теңге.

Мемлекеттік төлемдер зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға – 35 АЕК (137 620 тг), ал БЖЗҚ жинағы бар тұлғалар өз жинағынан – 94 АЕК (369 608 тг).


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.