Қазақстанда осал топтағы тұрғындарға арналып 11 мыңға жуық пәтер сатып алынбақ

1 487

Биыл елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үйге орналастыру үшін 10 878 пәтер сатып алу жоспарланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 105,2 млрд теңге бөлінді. Тағы 12,1 мың пәтер үшін 158,5 млрд несие жұмсалады


Ипотекалық мемлекеттік бағдарламаларға жеті мыңға жуық қазақстандық қатыса алады. 


“Биыл тұрғын үй қарыздарын беру үшін 71,9 млрд теңге қарастырылған. Отбасы банк "2-10-20" ипотекалық бағдарламасы бойынша 3176 қарызды және "5-10-20" бағдарламасы бойынша 3610 қарызды іске асыруды жоспарлап отыр", –  деп мәлімдеді ИИДМ баспасөз қызметі.