Супермаркеттер желісі қазақстандық макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты

2 537

Фото: Видеодан скриншотҚазақстандық кәсіпкер Аида Бектілеуова Galmart супермаркет желісі отандық өнімді менсінбеді деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Galmart-тың сатып алу бөлімі Bravos атты қазақстандық макарон өнімін «премиум сапаға жатпайды» деген уәжбен қабылдамаған. Кәсіпкер менеджерлер өнімді көрмей жатып, премиум тек шетелдік брендтерге тән екенін айтқанын жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бектілеуованың сөзінше, өнім қатты бидайдан жасалады және сапасы жағынан Barilla-дан кем түспейді. Ол мәселе бас тартуда емес, «Made in Kazakhstan» деген түсініктің арзан сегмент ретінде қабылдануында деп есептейді.

Galmart жағдайға байланысты кешірім сұрап, компания ұстанымы бойынша өнім сапасы шыққан еліне емес, технологиясы мен тұрақтылығына байланысты бағаланатынын мәлімдеді. Сондай-ақ жергілікті өндірушілерді қолдайтынын атап өтті.

Желі қолданушылары екіге бөлінді: бір бөлігі кәсіпкерді қолдаса, енді бірі белгісіз бренд алдымен танымал болуға тиіс, ірі желілер коммерциялық тәуекелді ескереді деп есептейді.