Қорғаныс саласындағы шығын жыл басынан бері 6,8%-ке өст

2 508

Биыл қаңтар–тамыз айларында Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің қорғаныс шығындары 715,7 млрд теңгеге жетті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Жалпы, әскери бюджет 2023 жылға 1,2 трлн теңгеден астам сомаға жоспарланған.

2022 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда қорғаныс бюджетінің шығындары 6,8%-ке өсті.

Жалпы, 2023 жылға әскери бюджет 1,2 трлн теңгеден астам сомаға жоспарланған, бұл өткен жылғы шығынмен салыстырғанда 11,6%-ға артық.


Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) мәліметтеріне сәйкес, 2022 жылы Қазақстанның әскери бюджетінің шығындары жалпы ішкі өнімнің 0,5%-ін құрады. Бұл Орталық Азияның басқа елдеріне қарағанда айтарлықтай аз. Мәселен, Қырғызстанда қорғаныс шығындары 1,5%, ал Тәжікстанда-1% құрады. Өзбекстан мен Түрікменстан бойынша деректер жоқ.

Салыстыру үшін АҚШ әскери бюджеті жалпы ішкі өнімнің 3,5%-не жетеді. Ресейде-4,1%, ал Қытайда-1,6% болған.