Министр Бейбіт Атамқұлов үй бағасына қатысты болжамын айтты
287
Елде тұрғын үй мен көлік арзандай ма? Баға қашан тұрақталады? Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өз болжамын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.
Бейбіт Атамқұлов «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинге сұхбат берді. «Национальный интерес» бағдарламасына бұл жолы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов келді. Ерлан Бекхожин бірінші тұрғын үй нарығындағы бағаның не болатынын сұрады. Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер - баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.
Бейбіт Атамқұлов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
– Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ерлан Бекхожин, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы:
– Бұл жаңа өндіріс бола ма?

– Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді. Алайда өндіріс көлемі аз. Тағы 3 кәсіпорынды іске қосу жоспарда бар. Сол кезде елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етеміз.

– Бұл өндірістер тұрғын үй нарығындағы бағаны арзандата ма?

– Импорт инфляциясын осылайша жоямыз.
Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

– Алдағы уақытта, мысалы, келесі жылы баспана бағасы тұрақтала ма? Әлде баға сол күйі өсе бере ме? Сіздің болжам қандай?

– Менің болжамымша, баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр.