Қызылордада шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады

350
Қызылорда облысында шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі 

Аталмыш өңірде индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 543 млрд. теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 7 мыңнан астам жұмыс орны құрылуда. Былтыр 5 жоба іске қосылды. 10 жоба құрылыс индустриясы саласына бағытталған. 

«Ірі стратегиялық жобамыздың бірі – шыны зауытының құрылысы биыл аяқталады. Кәсіпорынның аясында бірнеше ілеспе кәсіпорындар құру бойынша жұмыстар басталды. Қазір 2 ілеспе жоба - шыны талшықтары мен композиттік материалдар және айна өндірісі бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс индустриясы саласында алдағы уақытта керамзит, арматура, 2 асфальтбетон шығаратын зауыттары ашылып, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех кеңейтіледі», - дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.