Қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын қаражат 37% өсті

2 573

dzen.ruБылтыр қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған қаражат 37,2% өсті. Бұл жайында ұлттық статбюрода мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығын 610 млрд теңгеге жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге).


Шығынның ең үлкен көлемі Ақмола облысында тіркелді — 127,7 млрд теңге, бұл — жалпы көлемнің 20,9 пайызы. 


Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары.


Табиғат қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында — 1,5 млрд теңге.


Табиғат қорғау шығынының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған.


Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологиясына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығын жалпы көлемнің 33,2% құрады. 


Қалдықтарды басқаруда — 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында — 20%. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.