Елімізде 12 млн гектарға жуық егін алқабы жиналды

572
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек 12 миллион гектарға жуық  егін алқабы жиналды-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күнге дейін 12 миллион гектарға жуық алқаптан дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Яғни берілген жоспардың 74,3 проценті орындалды. Ресми мәліметтерге сүйенсек,  бұл көрсеткіш бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Мұнда 3 жарым миллион гектардан астам алқаптан астық жиналған. Екінші орында Қостанай облысы, көрсеткіш 2 миллион, бір жүз мың гектар. Солтүстік Қазақстан өңірі үштікті аяқтайды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.