2017 жылдан бастап агенттік төлемге қабілетсіз 8 банктің лицензиясын қайтарып алдық - Мәдина Әбілқасымова
483
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова жыл басынан бері стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгені құрағанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Заң жобасының негізгі мақсаты - стрестік активтердің өтімді нарығын дамыту және оларды экономикалық айналымға тарту үшін жағдай жасау.
«2017 жылдан бастап жекелеген банктердің қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап 977 млрд теңгеге қосымша провизия қалыптастырылды, 1,4 трлн теңгеге проблемалық қарыздар есептен шығарылды және 5,4 трлн теңгеге жаңа қарыздар берілді», - деді М. Әбілқасымова.
Сонымен қатар ол 2017 жылдан бастап агенттік төлемге қабілетсіз 8 банктің лицензиясын қайтарып алғанын айтты.
«2017-2021 жылдар аралығында қабылданған шаралар нәтижесінде жалпы 6,7 трлн теңге сомаға стрестік активтер есептен шығарылды. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша стрестік активтер мөлшері 2,3 трлн теңгені немесе банк жүйесі активтерінің 6% құрады», - деді агенттік басшысы.