Президент: "Таза атом энергиясы болмаса, экономикамыз құлдырайды"
435
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі электр қуатының тапшылығын жою жолдарын айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Мәселені шешу жолы Қазақстанда атом электр станциясын салу болмақ.Біз елімізді электр энергиясымен толыққанды жабдықтай алмай келеміз. Жақында өздеріңіз куә болдыңыздар. Оңтүстік өңірлерде жарық болмай, электр қуаты өшіп қалды. Демек біз көрші мемлекеттердің энергия жүйесінің жұмысына тәуелдіміз,— деді Президент.
Оның айтуынша, еліміздің энергетика саласындағы қауіпсіздік мәселесін шұғыл шешу керек.
"Мен жауапты адамдардың атом станциясының құрылысына қатысты сұрақтардан неге дипломатиялық түрде қашатынын түсінбеймін. Бәрін тура айту керек қой: таза атом энергиясы болмаса, біз экономикамызды жоғалтып аламыз. Бізге шұғыл түрде атом, таза электр энергиясы керек. Экономиканы түсінбейтін популистердің артынан ермей, адамдарға атом энергетикасының маңыздылығын кәсіби түрде түсіндіру қажет", — деді Тоқаев.