Елімізден Қытайға 12,6 млн тонна тауар экспортталды
Қытай Халық Республикасында көлік министрлігі, бизнес-компаниялар және басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтті. Тараптар екі ел арасындағы тауар айналымының мүмкіндіктері, сондай-ақ экспорттық жүктерді жеткізу шарттарын талқылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 22% өсіп, рекордтық көрсеткішке, яғни 28 млн тоннаға жеткен.
Осы ретте Қазақстаннан экспортқа 12,6 млн тонна жөнелтілді. Бұл – 2022 жылғы деңгейден 35% артық көрсеткіш.
Сондай-ақ тараптар ҚХР-ға экспортты тасымалдау кезінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін жұмыс тобын құруға келісті.