Қазақстанның Қытаймен сауда айналымы бір жылда 13% өсті

258
Қазақстанның Қытаймен сауда айналымы бір жылда бірден 13% артты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 13,5 млрд АҚШ долларын құрады. Ал АҚШ-пен сауда айналымы - бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,5% артқан. Оның ішінде экспорт 1,3%, 7,3 млрд АҚШ долларына дейін өсіп, импорт, керісінше, 34,7%, 6,2 млрд АҚШ долларына азайған.

Қытай Қазақстан тауар айналымының 18,5% құрап отыр, экспорт құрылымында — 16,8%, импорт құрылымында - 21%.

Жыл басынан бері Қазақстан Қытайға 163,2 мың тонна бидай, 90,4 мың тонна арпа, 4 млн тонна темір кенін, 44,3 мың тонна марганец кенін, 37,1 млн тонна мырыш кенін, 85,1 мың тонна көмір, 2,5 млн тонна шикі мұнай, 5,3 млрд текше метр табиғи газ, 3,7 мың тонна жүн, 529,8 мың тонна ферроқорытпа, 28,1 мың тонна жануар немесе өсімдік тектес майларды, 8,7 мың тонна тоқыма бұйымдарын және т.б. жіберген.

Сонымен қатар, Қазақстан Қытайдан 531 тонна кондитерлік өнім, 1,3 мың тонна дәрі-дәрмек, 9,5 мың тонна гигиеналық және косметикалық құрал, 1,7 млн шина мен доңғалақ тысын, 10,6 мың тонна қағаз, картон және целлюлоза мақтасын, 77,5 мың шаршы метр линолеум, 46,5 мың тонна трикотаж киімін, 2,5 мың тонна радиатор, 1,9 мың тонна іштен жану қозғалтқышын, 9,7 мың тонна ауа немесе вакуумдық сорғылар, 9,6 мың тонна тоңазытқыш пен мұздатқыш, 1,7 мың тонна телефон аппаратын, 303,6 мың монитор мен проектор және т. б. әкелген.

Қазақстан жүктерін қабылдау және жөнелту бойынша Қытай енгізген шектеулерге байланысты жағдай біртіндеп шешілуде.