Атырауда Қытай инвесторының қаржысына қант зауыты салынуы мүмкін

2 704

Фото: gov.kzАтырауда қант шығару зауытының құрылысын бастау мәселесі талқыланды. Жаң зауыт жобасының 80 пайызын Қытай инвесторы қаржыландыруға ниет білдірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Атырауда Қытай инвесторының қаржысына қант зауыты салынуы мүмкін Фото: gov.kz

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, қанттың 90 пайызы өзге елден импортталады. Сол себептен, "Голдбридж халықаралық компаниясы" ЖШС-нің қант шығаратын зауыт салу жобасына қолдау білдірді.

Бұл – біздің тиімді жоба. Атырау облысының жері қызылша өсіруге қолайлы. Ауыл шаруашылығының әлеуетін пайдаланып, ішкі нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз етуге болады. Аграрлық секторды жандандыруға серпін береді. Егер қант зауыты салынатын болса, инфрақұрылыммен қамтуға дайынбыз, – дейді Серік Шәпкенов.

Ал компания басшысы Лина Тайкеннің айтуынша, мұнайлы өңір тұрғындарының қантқа сұранысы зерттелген. Мұнайлы өңірде қант зауытын салу үшін жер телімі қажет.

Біз Атырау облысында жылына 144 мың тонна қант шығаратын зауыт салу жобасын ұсынып отырмыз. Бұл жоба Атыраудың ғана емес, өзге өңірлердің де қантқа сұранысын өтеуге жол ашады. Осы орайда қызылшадан ашытқы өндіретін қытайлық жетекші компаниямен тәжірибе алмасып, технологиясын жан-жақты зерттедік. Қытай компаниясы біздің жобаны қолдап, қажетті қаржының 80 пайызын инвестициялауды көздеп отыр. Жобаны Атырау облысында жүзеге асыруға 1,5 жыл мерзім керек. Егер ресми құжаттар уақытылы дайындалса, 2026 жылдың жазында зауытты іске қосамыз. Сол кезде қызылшадан қанттан өзге төрт түрлі өнім шығарамыз, – деді Лина Тайкен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.