Chevron компаниясы Қазақстандағы мұнай өндіру көлемін арттырмақ

1 762
Chevron Corporation басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Майк Вирт CERAWeek конференциясында Қазақстанда мұнай өндіру көлемін арттыру жоспары жайында мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Майк Вирт Chevron Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі екенін айта келе, ескі кеңестік мұнай кенішінде ол кезде тәулігіне 50 баррель мұнай өндірілгенін, қазір бұл көрсеткіш 700 баррельге дейін өскенін айтты.


Бізде бұл көрсеткішті күніне шамамен 1 миллион баррельге дейін жеткізетін жоба бар, - деді М. Вирт.

Қазіргі уақытта Қазақстанда көмірсутектерді өндіруді көбейту бойынша екі компонентті ірі жоба құрылыс кезеңінен іске қосуға көшті. Бұл процесс аясында барлық нысанды іске қосу жұмыстары биыл және келер жылы атқарылады.

Корпорация басшысының айтуынша, бүгінде осы жобалар өте қажет, өйткені энергия ресурстарының басым бөлігі Еуропаға жіберіледі.

Айта кетейік, Хьюстонда (Техас штаты) жыл сайынғы ең ірі энергетикалық CERAWeek конференциясы (6-10 наурыз аралығында) өтіп жатыр. .

Форумға қазақстандық делегацияны ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов бастап барды. Оның құрамына «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, QazaqGaz ҰК АҚ, KAZENERGY және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің өкілдері кірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.