Шетелден қаржыландырылатын ұйымдар мен жеке тұлғалар туралы

2 457

Шетелден қаржыландырылатын ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2023 жылдың 20-шы қыркүйек айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 29-бабының 3-тармағын негізге ала отырып «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлікті алушылардың тізілімін» өзінің интернет-ресурсында жариялады.


Аталмыш тізімде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша 240 еліміздегі түрлі бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар, жеке тұлғалар, комерциялық қомпанияллар және басқа жергілікті ұйымдар көрсетілген.


Жалпы 2018 жылдан бастап Салық кодексінде шет мемлекеттерден, шетелдіктерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан ақша немесе өзге де мүлік алған адамдар үшін Мемлекеттік кірістер органдарына есептілік беру туралы талап енгізілді.


Осы норманы іске асыру мақсатында Қаржы министрлігі тиісті қағидаларды бекітіп, тізілімде шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың атауы мен сәйкестендіру нөмірлерін (БСН/ЖСН) көрсетуде (20.02.2018 ж. №240 бұйрық).


Салық кодексінің 30-бабына сәйкес салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер және оның атауы салық құпиясы болып табылмайды.


Тізілімге енгізілген тұлғалардың толық тізімін осы жерден қарауға болады.


Атап өтсек, 2022 жылғы 20 ақпанында Салық кодексіне шетелден қаржы алған тұлғалардың тізілімін жариялауды көздейтін тиісті заңнамаларға түзетулер енгізілген болатын. 


Бұл шара азаматтардың заңды тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдарға сенім деңгейін арттыруға бағытталған.