Қазақстандықтар 8,9 млрд теңге зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген

1 459

Қазақстандықтар 8,9 млрд теңге зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сілтеме жасап.


Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беруді қалаған қазақстандықтар арасында ең белсенді тұрғындар – алматылықтар. 


Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 2021 жылдың 18 ақпанынан бері 8,9 млрд теңге аударылды. БЖЗҚ 5 9991 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 1,5 млн теңгені құрайды.


Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беруге болатын 5 компания анықталған болатын - «JUSAN INVEST» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Halyk Finance» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ.


Зейнетақы жинаған ИПБ-ларға ең көп аударған тұрғындар – алматылықтар, 2218 өтінім мақұлданған. Аударылған сома – 4 172 млн. теңге. Екінші орында – Астана тұрғындары, 1 415 өтінім мақұлданды, аударылған сома – 2 141 млн. теңге. Үшінші орында – Атырау облысы, 316 өтінім мақұлданды, аударылған сома – 433 млн теңге.