Елімізден Қытайға теміржол арқылы бір айда 1 млн тонна жүк жөнелтілген

2 526

фото: yvision.kzБиыл бір айдың ішінде Қазақстаннан Қытайға теміржолмен 1 млн тонна жүк жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


2024 жылы қаңтар айында теміржол желісі бойынша жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайыз өсіп, жалпы көлемі 2,4 млн тоннаны қамтыды.


Ал Қытайға жүк экспорты былтырғы көрсеткіштен 43 пайыз асып кетті. Ол жаққа бір айдың ішінде 1 млн тонна жүк жеткізіліп отыр.


Соның ішінде темір рудасының экспорты 19 пайыз, астық 37 пайыз, қара металдар 2 есе, ал түсті металдар 2,2 есе өскен. Сондай-ақ экспортқа контейнерлердегі жүкті тасымалдау 2,2 есе артты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.