Елімізде картоп экспортына тыйым салынады

511
Елімізде картоп экспортына тыйым салынады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24"арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия шектеуді көктемге дейін ішкі нарықты толық қамтып, өнім құнын арттырмау мақсатында қабылдаған. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев күзгі жиын-терім көп мемлекет үшін сәтсіз болғанын айтады. Әсіресе, Ресей, Пәкістан мен Ираннан бөлек, ТМД картобынан дәмесін білдірді. Көрші елге 80 мың тоннасы қажет. Министр «оның бәрін біз экспорттайтын болсақ, көктемгі жағдай бір айда қайталанар еді» дейді. Себебі елде алқап кеңейтілгенмен, қамба былтырғыдан 100 мың тоннаға аз толықты. Жиыны 3 млн 900 мың тоннасы жиналған. Қазір қордағы өнім мен ішкі сұраныс қайта сараланып жатыр. Артылған картоп сыртқа шығарылуы мүмкін. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз болады. Өйткені, сұранысты өтеу мүмкін емес. Еліміз жыл сайын 40-50 мың тонна өнімді импорттайды. Енді құзырлы мамандар өндірушілерге ішкі нарыққа көңіл бөлуге кеңес береді. 

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Көрші елдерді қарасақ, мысалы Қырғызстандағы картоптың көп бөлігі экспортталған. Өзбекстан  да сыртқы нарыққа тәуелді. Ал Ресейде биыл 8,3 процентке аз картоп алынған. Яғни, қазақстандық өнімді түгел сатып алуы мүмкін деген сөз. Осы жағдайларды ескере отырып, ведомствоаралық комиссия экспортты шектеу туралы шешім қабылдады.