Қызылорда облысында жол желісі бойынша 21 жоба пайдалануға беріледі

513
Қызылорда облысында жергілікті жол желісі бойынша  21 жоба жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қызылорда облысында 45 жоба қолға алынған. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 2381 шақырым. Бүгінде нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі – 70%.

Қазіргі таңда, облыста жөндеу жұмыстарымен 248 шақырым жол қамтылған. Атап айтқанда, Қызылорда қаласындағы басты көше жолының «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолымен, сондай-ақ аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс» автожолымен түйіскен жерінде көлік айырығының құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек, аудандық маңызы бар «Әйтеке би – Қазалы» жолын, «Самара-Шымкент-Екпінді», «Әйтеке би-Басықара» және «Самара-Шымкент-Еңбек-Есет батыр-Жаңадария» жолдарындағы көпірлерді, сондай-ақ, Есет батыр елдімекеніне кіреберісті реконструкциялау жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.