Елімізде бензин бағасы қымбаттады
2 101
Қостанайдағы бензин бағасының қымбаттауына байланысты министр түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Қостанай тұрғындары жанармай бағасының өскеніне шағымданған болатын.
"Не деген сұмдық, бір аптадан астам уақыт бойы 95 бензин бағасы 287 теңге!!! Ешкім ештеңе айтпайды, бағаны ұстап отыр, төмендететін түрлері жоқ"
"Этаолон” жанармай құю стансасы. Аи 95 құны – 250 теңге... Біздің билік қайда қарап отыр??? Бағаның көтерілетіні туралы еш жерде айтылмаған, бензинді неге қымбаттатып жіберді?",- деп шағымданды азаматтар әлеуметтік желілерде.

Ведомство АИ-95 бензинінің құнын мемлекет реттемейтінін, сондықтан баға нарықтағы сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалатынын мәлімдеді.
"Бұл ретте елдегі АИ-95 жиынтық қорлары (мұнай базалары мен МӨЗ-де, жолда және импортта) жеткілікті және 57 мың тоннаны құрайды, бұл елдің 21 күндік қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қорлар ресурс ұстаушылардың өтінімдеріне және өндіріс көлеміне байланысты толтырылады", - деп хабарлады энергетика министрлігі.