Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізуге дайын

2 509

© Photo : АкордаБұл туралы Астанада "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" мен Тәжікстанның мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі өкілдерінің кездесуінде айтылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында Қазақстанның Тәжікстанға бидай мен ұн жеткізетін негізгі әрі дәстүрлі серіктес екені атап өтілді. Тәжікстанда ішкі өндіріс ел қажеттілігінің шамамен 40%-ын ғана қамтиды, сондықтан импортқа тәуелділік сақталып отыр.

2024 жылы Қазақстаннан Тәжікстанға 1,2 млн тонна бидай экспортталып, бұл соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды. Ал 2025 жылғы маусымда Тәжікстан 1,3 млн тоннаға дейін астық өнімдерін импорттауды жоспарлап отыр. Кездесу барысында тәжік тарапы қазақстандық делегацияны Душанбе қаласындағы астық сақтау инфрақұрылымымен танысуға шақырып, жаңа элеваторлар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастамалар екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған.

"Біздің ынтымақтастығымыздың болашағы зор, өйткені азық-түлік қауіпсіздігі кез келген мемлекет үшін әрқашан алдыңғы орында тұрады. Біз тек астық қана емес, сонымен қатар ұн мен күнбағыс майын жеткізуге де мүдделіміз", — деді тәжік агенттігінің директоры Нурмахмад Ахмадзода.

Кездесу барысында тәжік тарапы қазақстандық делегацияны Душанбе қаласындағы астық сақтау инфрақұрылымымен танысуға шақырып, жаңа элеваторлар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұл бастамалар екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Өз кезегінде «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» өкілдері астық жеткізу көлемін ұлғайтуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ логистика, сақтау және өңдеу бағыттарында тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

"Біз өз тарапымыздан жеткізудің қолайлы тетіктерін ұсынып, Тәжікстанға астық пен тиісті азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етуге дайынбыз", — деді басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.