Қазақстанда бір жылда киім-кешек 15 пайызға қымбаттаған

549
Биыл қазан айының соңында Қазақстанда киім бір жыл ішінде 14,6 пайыз қымбаттады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бағаның өсуін әсіресе елордалықтар сезінді: бір жылда бірден 25%. Бұл үштікке Қызылорда (плюс 19,8%) және Ақмола (плюс 19%) облыстары да кірді. Ең аз жылдық өсім Ақтөбе облысында тіркелді: 9,7%.

Бір жылда ерлер киімі 14%, әйелдер киімі 14,1%, балалар киімі 17,2% қымбаттады.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда киім өндірісі 43,1 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 12,7% артық.

Ең көп киім өнідірісі Шымкентте тіркелді: 7,4 млрд теңге, бір жылда плюс 44%. Одан кейінгі орындарда Алматы (6,9 млрд теңге, плюс 15,2%) және Алматы облысы (4,2 млрд теңге, минус 48,6%).

Биыл қаңтар-тамыз айларында Қазақстанға тоқыма және тоқыма киімдерінің импорты 71 мың тонна болды, оның жалпы сомасы 888,9 миллион доллар, деп жазды energyprom.kz.

Қазақстанға ТМД елдерінен 16,9 мың тонна киім әкелінді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9% аз. Мұнда Өзбекстан Қазақстан үшін негізгі жеткізуші болды: 10,2 мың тонна өнім, минус 5,4%.

ТМД-дан тыс елдерден Қазақстан 54,1 мың тонна киім импортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8% көп. Қазақстан үшін негізгі жеткізушілер Қытай (39,3 мың тонна) мен Түркия (12 мың тонна) болды.