2025 жылдан бастап су төлемі қалай есептеледі?

2 574

фото: pixabay.com2025 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстанда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін есептеу жаңа әдістеме бойынша жүргізіледі,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі. 

Бұл әдістеме төлем мөлшерін арттырмайды және жаңа төлем түрлерін енгізбейді. Оның мақсаты – суды жеткізу және бұру көлемін есептеудің бірыңғай ережесін бекіту.

Төлемдер әдеттегідей су есептегіш көрсеткіштері бойынша жүргізіледі. Есептегіші жоқ тұтынушылар үшін төлем әкімдік бекіткен нормаға сәйкес есептеледі.

Көппәтерлі үйлерде де тәртіп өзгермейді: жалпы үйлік есептегішпен жеке есептегіш арасындағы айырмашылық кондоминиум қатысушылары арасында пропорционалды бөлінеді. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.