Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынбақ

1 144

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылды. 


«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тұқымдық бидайды қоспағанда, бидай импорттауға алты айға тыйым салынсын. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін», - делінген Ауыл шаруашылығы министрінің бұйырығында.


Құжат 5 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің аумағынан көлікпен тыңайтқыштарды әкетуге жарты жылға тыйым салынуы ықтимал екенін хабарлап едік.


Бұған қоса, Қазақстан аумағынан ірі қара мен ұсақ малды (ұрғашы) әкетуге тыйым салынуы мүмкін.


Сонымен қатар, ел аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға шектеу енгізілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.