Қазақстанда қант бағасы арзандады

494

Фото: https://podrobno.uz/cat/economic/mirziyeev-otmenil-tamozhennuyu-poshlinu-na-sakhar-/Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша елімізде қант бағасы арзандады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, ай басынан бері 0,4%, жыл басынан 19,4%-ға өскен.


Өткен апта ішінде құмшекердің бағасы 2,8% арзандаған. Сондай-ақ пияздың бағасы 3,1%, картоптың бағасы 1,1% төмендеген.


Күріш бір аптаның ішінде 1,5% қымбаттаған. Сонымен қоса бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы да 1,5%-ға, күнбағыс майы 1,4%-ға өскен.


"Жылдық көрсеткіште әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 19,6%-ға қымбаттады", - делінген статистика бюросы ұсынған ақпаратта.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.