2024 жылы ел экономикасына ₸16 трлн инвестиция тартылды
Елде негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі баяулады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Былтыр 11 айда өсім 103%-ті көрсетті. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8%-ке төмен. Сарапшылар бұл үрдісті елдегі ірі жобалардың аяқталуымен байланыстырады. Десе де, 2024 жылы ел экономикасына 16 трлн теңге инвестиция тартылды.
Яғни, Қазақстан экономикасы әртараптандыру үрдісі жүріп жатыр. Шағын бизнестің де белсенділігі артқан. Бұрын ірі мұнай және металлургия компаниялары негізгі капиталға салынатын инвестициялардың 50%-тен астамын қамтамасыз ететін. Бірақ соңғы төрт жылда олардың үлесі 33%-ке дейін төмендеп келеді. Ал шағын бизнес рекордтық өсім көрсетіп, 2024 жылы елдегі инвестициялардың 58%-ін құрады. Соңғы 20 жылда ел экономикасына 416 млрд доллар шетелдік инвестиция салынған. Ең көп қаржы құйғандар қатарында Нидерланды, АҚШ, Швейцария және Қытай бар. Алдағы 5 жылда дәл осынша қаражат тарту жоспарда бар.