Атырау МӨЗ-дегі жөндеу жұмыстары келесі жылға ауыстырылды
379

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ деректері бойынша отандық мұнай өңдеу зауыттары барынша жүктелген. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бекітілген жоспардан асыра өндірілуде.
14 күн ішінде екі зауыт 133 мың тонна дизель отынын өндірді, бұл жоспарлы көрсеткіштерден 4 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылдың 9 айында үш МӨЗ-де барлығы 3,7 млн. тонна дизель отыны өндірілді.
Сондай-ақ кездесу барысында басқарма басшысына мұнай өнімдері нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытын жөндеуді келесі жылға ауыстыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Ағымдағы жылдың 9 айында АМӨЗ 4 006 000 тонна мұнай өңдеп, 1 168 276 тонна дизель отыны, 935 738 тонна автомобиль бензинін өндіріп шығарды.
«МӨЗ» басшылығы мен ұжымының бірінші кезектегі міндеті зауыттың сенімді және тұрақты жұмыс істеуі болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Зауыттың істен шығуына әртүрлі себептерді айтуға болады. Алайда елімізде мұндай жағдай енді қайталанбауы тиіс», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Кеңес қорытындысы бойынша Мағзұм Мырзағалиев ұлттық компанияға барлық МӨЗ-дің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ Атырау МӨЗ-іне электр энергиясын үздіксіз жеткізу бойынша шараларды тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.