Еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналды - Президент LRT жайлы

336

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT жобасының бастапқыда қате басталғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.


Мемлекет басшысының айтуынша, LRT - еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналған. Алайда оны бұзған жағдайда, уақыт пен қаржы шығынына апаратынын атап өтті. Сондықтан жобаға қатысты оңтайлы шешім қабылдау қажеттігін айтты.

"Бұл  әдеттегі инфраструктуралық жобадан еліміздің беделіне нұқсан келтіретін жобаға айналды. Бұған дейін көп қаржы бөлінді, шетелдік серіктертермен бірге келісімшарт бекітілді.  Бұл жоба бастапқыда қате басталды. Мұны мойындау керек. Енді оңтайлы шешім қабылдауымыз қажет. Себебі оны бұзу – уақыт пен қаржы шығынына алып келеді. Бізде басқа амал жоқ. Осы жобаны қолданысқа енгізетін мүмкіндіктерді қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыру қажет", - деді Мемлекет басшысы.