Сарапшылар экономиканың өсімі мен инфляцияға қатысты болжам жасады

2 238

Фото : СС0 / edarМұнай бағасы, экономиканың өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, теңге бағамы сауалнаманың негізгі параметрі болды

Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сауалнамаға Қазақстанда макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты.


Мұнай бағасы және экономиканың өсімі

Аналитиктер барлық болжамды кезеңде мұнай бағасы баррель үшін 68,5-69 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжады.

2025 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжам 5%-дан 5,1%-ға, 2026 жылға – 4,5%-дан 4,6%-ға, ал 2027 жылға – 4,3%-дан 4,5%-ға дейін жоғарылады.

Инфляция және базалық мөлшерлеме

Инфляция бойынша аналитиктердің болжамы болжамдық кезеңде әртүрлі бағытта өзгерді:

2025 жылға – медиана 10,7%-дан 11%-ға дейін өсті,

2026 жылға – 9,4%-дан 9%-ға дейін төмендеді,

2027 жылға – 6,8%-дан 7%-ға дейін өсті.

Респонденттер базалық мөлшерлеме 2025 жылдың соңына дейін қазіргі деңгейде сақталады деп болжайды – медиана 16,3%-дан 16,5%-ға дейін өсті. 2026 жылға болжамдар 14,5%-дан 14%-ға дейін, 2027 жылға – 12%-дан 11,8%-ға дейін төмендеді.

Атап өтетін жайт, макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық банктің болжамдары көрсетілмейді.