Қатар компаниясы «Самұрық-Қазына» қорының үлесін 5 млрд теңгеге сатып алды

2 266

Фото: Самұрық-ҚазынаҚатардан келген компания «Самұрық-Қазына» қорының екі рентабельді кремний активінің үлесін сатып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» тобы «Тау-Кен Темір» ЖШС және «Силикон Майнинг» ЖШС акцияларының 55 пайызын Қатарда тіркелген компания – Metaleen Investments Holdings LLC компаниясына сатты. Ақшалай сыйақы 4,9 млрд теңге болады.

Мәміле 2024 жылдың 27 тамызында жасалды. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 2024 жылғы 30 маусымдағы аудиттен өтпеген қаржылық есеп беруінде сатып алушының үшінші тарап екендігіне баса назар аударылған.

Мәміле нәтижесінде топ өзінің еншілес компанияларына бақылауды жоғалтты және қалған 45% қатысу үлесін қауымдасқан компанияларға салынған инвестиция ретінде мойындады, - делінген «Самұрық-Қазынаның» өз есебінде.

Екі компания да қордың портфельдік компаниясы – «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ еншілес компаниялары. «Тау-Кен Темір» компаниясы техникалық кремний өндірумен айналысады.

Компанияның сайтында жылдық өндіріс көлемі 23 мың тонна екені көрсетілген. Зауыт шикізатты Қарағанды облысындағы Ақтас кен орнында тамыр кварцын өндіретін Silicon Mining компаниясынан алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.