Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеміне қатысты өзгерістер енгізіледі – министрлік түсіндірмесі

2 541

Фото: freepik.comОрташа табыс деңгейінен жоғары кірісі бар көпбалалы аналар жеңілдіктерінен айрылуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, көпбалалы аналар мен отбасыларға арналған барлық конституциялық кепілдіктер сақталады. 

"Көпбалалы отбасыларға республикалық бюджеттен жасалатын барлық төлемдер бұрынғыдай жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жалғасады", – деді Жақыпова.


Министр "Күміс алқа", "Алтын алқа" медалдарымен, "Батыр Ана" атағымен және I және II дәрежелі аналық даңқ ордендерімен марапатталған әйелдер көпбалалы ана ретінде өмір бойы төлем алатынын атап өтті. 

Жергілікті биліктен берілетін жеңілдіктерге (тегін тамақтану немесе басқа әлеуметтік қолдау түрлері)  қатысты шешімдерді жергілікті атқарушы органдар қабылдайды. 

"Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік көмектерге қатысты мәселелер әкімдіктердің құзыретінде", – деді министр. 

Еске салсақ, бұған дейін кейбір көпбалалы отбасыларға мемлекеттен жәрдемақы беру тоқтатылатыны туралы жазған едік. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.