Елімізде ұн өнімдерінің экспорты 3 млн тоннаға жуықтады

2 740

Фото: pixabay.comЕлде астық, яғни шикізат қана емес, ұн өнімдерінің де экспорты артты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері 2,9 млн тоннасы тасымалданған. Көрсеткіш кейінгі 5 жылдағыдан жоғары. Ал былтырғы кезеңімен салыстырғанда 11%-ке артық. Ұнның тең жарымы Қостанай облысынан жөнелтілді. Одан кейінгі ауқымдысы Ақмола облысы. Мұнда жалпы тасымалдың 17%-і қамтылды. Ал біздің ұнды импортаушылардың алды – Ауғанстан. Бұл елге 788 мың тоннасы жөнелтілді. Одан кейін Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстан тұр. Министрлік өнімді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 15 мыңнан астам жабық вагон жеткілікті екенін хабарлады.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.